05.10.2010, 17:08 4057

Петропавлда екі апта бойы көгілдір отын үзілуде

Петропавлда екі апта бойы көгілдір отын үзілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасай отырып.

Алматы. 5 - қазан. Kazakhstan Today - Петропавлда екі апта бойы көгілдір отын үзілуде, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасай отырып.

Телеарнаның хабарлауынша, Петропавлда күн санап оннан астам газгольдерлер өшіп жатыр және де оларды жақын арада толтыратын мүмкіндік жоқ. Қазіргі уақытта 60 көпқабатты үйлер мен бірнеше жүздеген үйлер көгілдір отынсыз қалған. Тұрғындар ыстық тамақсыз қалды.

Ал жергілікті газ қызметі, отынның экспортқа шығарылып жатқандығын, ал өңірлерге аз мөлшерде қалып жатқандығын мәлім етті.

Газ берушілердің айтуынша, көгілдір отын мәселесі Астанада үкімет деңгейінде қаралуда. Ал ең оңтайлы жағдайда аздаған газ бір аптадан кейін келіп жетпек, оның өз бүкіл қаланы қамтамасыз ете алмайды, деп хабарлады телеарна.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны