25.02.2011, 16:54 4098

Петропавлда героин сатқан екі әйел ұсталды

СҚО Петропавл қаласында героин сатқан екі әйел ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Петропавл. 25 - ақпан. Kazakhstan Today - СҚО Петропавл қаласында героин сатқан екі әйел ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

СҚО ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, полиция қызметкерлері нашақорға 2 грамнан астам есірткі сатқан 31 жастағы әйелді қолға түсірген. "Ұсталған күдікті өзінің қылмысын мойындап, есірткіні тасымалдайтын адамның кім екендігін айтқан. Осыдан кейін аталған күдіктің артынан бақылау қойылған болатын",- деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Полицейлердің ақпараттарына сүйенсек, қылмыскердің қылмысын дәлелдейтін айғақтар табылғаннан кейін оны ұстау операциясы жүргізілген. Күдікті бірнеше мөлшерлі героинді сату үстінде құрықталды.

"Ірі көлемде есірткі сату дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Екі күдікті де ұсталып, айып тағылды. Сондай-ақ, қамауға алу жөнінде шешім қабылданды",- деп хабарлады баспасөз қызметінен.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны