25.05.2011, 15:48 3407

Петропавлда қаржылық пирамиданың қызметі тоқтатылды

"Қазіргі уақытта фирманың қызметі тоқтатылды, мүдделі қызметтер олардың әрекетінің заңға сәйкестігін тексеруде. Алайда қазірдің өзінде түсінікті, фирманың жұмысы заңсыз әрекетімен аты аңызға айналған "МММ" және "Хопер-инвест" қаржылық пирамидаларына өте қатты ұқсас", - деп нақтылады баспасөз қызметінде.

Петропавл. 25 - мамыр. Kazakhstan Today - Петропавлда қаржылық пирамиданың қызметі тоқтатылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

BNews.kz ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Петропавлда Ұйымдасқан қылмыспен күрес басқармасының қызметкерлері қысқа уақытта байып кету жолдарын ұсынған қаржылық ұйымның қызметін тоқтатты. Бұл туралы Солтүстік Қазақстан облысы департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткен.

"Қазіргі уақытта фирманың қызметі тоқтатылды, мүдделі қызметтер олардың әрекетінің заңға сәйкестігін тексеруде. Алайда қазірдің өзінде түсінікті, фирманың жұмысы заңсыз әрекетімен аты аңызға айналған "МММ" және "Хопер-инвест" қаржылық пирамидаларына өте қатты ұқсас", - деп нақтылады баспасөз қызметінде.

ІІД ақпараты бойынша, аталмыш компания ортақ қоржынға жүз мың салсаң, бір айдан соң төрт жүз мың етіп қайтарып аласың деп сендірген. Петропавлдағы күмәнді фирма қызметін бірнеше күн бұрын ғана бастаған.

"Қаржылық пирамиданы тексеру барысында аталмыш ЖШС-тің Солтүстік Қазақстан аумағындағы қызметінің заңдылығын растайтын бірде-бір құжат табылмады. Оған қоса, бұл кәсіпорынның басшысы мен бухгалтері де болмаған. ЖШС өкілдері салымшылардың тізімін де көрсетпепті", - деді СҚО ІІД ҰҚКБ басшысы Ермек Татбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны