18.05.2012, 11:36 3121

Петропавлда құрылысқа қарсы шыққан зейнеткерлер трактордың астына түсе жаздады

Бұл үйдің тұрғындары өз аулаларын тіпті күндіз-түні кезектесіп күзететін болған. Құрылыс техникасының аулаға кіріп келе жатқанын көрген 2-ші топтағы мүгедек көршілерін көмекке шақырыпты. Олар жетемін дегенше қария трактордың алдына жатып, техниканы тоқтатқан.

Петропавл. 18-мамыр. Kazakhstan Today - Петропавлда тұрғын үйдің ауласына құрылыс жүргізуге қарсы шыққан зейнеткерлер ор қазуға келген тракторлардың алдына жатып алды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

КТК телеарнасының хабарлауынша, бұл үйдің тұрғындары өз аулаларын тіпті күндіз-түні кезектесіп күзететін болған. Құрылыс техникасының аулаға кіріп келе жатқанын көрген 2-ші топтағы мүгедек көршілерін көмекке шақырыпты. Олар жетемін дегенше қария трактордың алдына жатып, техниканы тоқтатқан.

Бұл көпқабатты үйдің ауласында алдымен бір жеке кәсіпкер құрылыс жұмыстарын бастамақ болған еді. Алайда зейнеткерлер оны сотқа беріп, жеңіп шықты. Енді бұл жерге мемлекеттік мекеменің кеңсесін қалалық әкімдіктің өзі салмақшы екен. Бірақ зейнеткерлер шенеуніктерге де тойтарыс беруге дайын отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны