22.08.2011, 13:10 2827

Петропавлда мас күйінде көлік жүргізген ресей азаматы жаяу жүргіншіні қағып кетті

Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігінің хабарлауыша, Петропавлда жол-көлік оқиғасын жасап, соның салдарынан 58-жастағы әйел кісіні қағып өлтірген деген күдікпен Ресей Федерациясының азаматы қолға түскен. Бұл туралы дүйсенбі күні Солтүстік-Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлаған.

Петропавл. 22-тамыз. Kazakhstan Today - Петропавлда мас күйінде көлік жүргізген ресей азаматы жаяу жүргіншіні қағып кетті, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігінің хабарлауыша, Петропавлда жол-көлік оқиғасын жасап, соның салдарынан 58-жастағы әйел кісіні қағып өлтірген деген күдікпен Ресей Федерациясының азаматы қолға түскен. Бұл туралы дүйсенбі күні Солтүстік-Қазақстан облыстық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі хабарлаған.

"Петропавл-Долматово тас жолының үшінші шақырымында кешқұрым ресейлік мемлекеттік нөмірімен "ВАЗ 21074" жеңіл автокөлігінің жүргізушісі қарапайым жолдың өткелі бойындағы автобус тұрағында тұрған 58-жастағы әйел кісіні қағып өлтірген. Содан барып қарсы бағыттағы қозғалысқа өтіп кетіп, қарама-қарсы келе жатқан 34-жастағы Петропавл тұрғыны әйел кісі жүргізіп келе жатқан "Опель Астра" автокөлігімен соқтығысқан. Ең соңында ресейлік азамат жолдың шетіне шығып кетіп, жағадағы жылу жүйесі құбырына соқтығысқан", - делінген мекеменің таратқан хабарламасында.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны