27.04.2011, 13:51 4833

Петропавлда мектепке бомба қойылғандығы туралы хабарлаған бесінші сынып оқушысы ұсталды

Петропавлда мектепке бомба қойылғандығы туралы хабарлаған № 8 орта мектептің бесінші сынып оқушысы ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Петропавл. 27 - сәуір. Kazakhstan Today - Петропавлда мектепке бомба қойылғандығы туралы хабарлаған № 8 орта мектептің бесінші сынып оқушысы ұсталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

СҚО ІІД хабарлауынша, жалған ақпарат беруге мектеп оқушыларының қатысты болуы мүмкін деген болжам расталған. Телефон террорисі қалжыңдамақ болған бесінші сынып оқушысы болып шықты. 11 жастағы оқушы сабаққа бармай, көшеде жүріп полицияға қоңырау шалған.

"Осы оқиғаға байланысты баланы жасөспірімдер ісі бойынша инспекцияның арнайы есебіне аламыз, ал оның ата - анасы ірі көлемде әкімшілік айыппұл төлейтін болады"- деп хабарлады ІІД.

Естеріңізге сала кетсек, 26-сәуір күні Петропавлда мектеп ғимаратына жарылғыш зат қойылғандығы туралы хабар берілгеннен кейін 730 адам қауіпсіз жерге шығарылған болатын.

Төтенше жағдайды жоюға жұмылдырылған шұғыл әрекет ету қызметінің, соның ішінде ҚР ТЖМ СҚО бойынша ТЖД-ның 25 адамы білім ошағынан 700 оқушы мен 30 қызметкерді қауіпсіз жерге шығарды.

Жүргізілген арнайы іс-шаралардың барысында мектептің ішінен күдікті зат табылмаған.

Фото: only.ee.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны