01.08.2006, 09:45 2782

Петропавлда монополистердің бір- біріне қарыз болуы кесірінен бірнеше тұрғын үй судан қол үзгелі отыр

ПЕТРОПАВЛ. 1-тамыз. Kazakhstan Today. Монополистердің бір-біріне қарызы ықшам аудандарда орналасқан бірнеше көп қабатты тұрғын үйді сусыз қалдыруы мүмкін. Бұл жөнінде Kazakhstan Today тілшісіне Солтүстік Қазақстан облысын жылу және жарықпен қамтамасыз етіп отырған "Аксесс-Энерго" ЖШС баспасөз қызметінен хабарлады.

Сейсенбі күні энергетиктер қаладағы көп қабатты 13 үйдің насосты станцияларына электр қуатын беруді тоқтатады.
Оған қаланы сумен қамтамасыз етуші "Петропавл су" АҚ мекеме алдындағы берешегі себеп.

Қарыз көлемі 20 млн.теңгені құрайды. Бірнеше мәрте келіссөз жүргізіліп , ескерту жасалғанымен, тіпті мәселе қалалық әкімшілік деңгейінде қаралғанымен еш нәтиже шықпады.

"Аксесс-Энерго"ЖШС баспасөз қызметі хабарлағанындай, компанияның айналымдағы қаражатының жетіспеуі жылу және электр желілерін жөндеу жұмыстарын тоқтатуы мүмкін , сондай ақ алдағы жылу беру маусымында 2-ші Жылу электр орталығына қажетті отынды дайындау жұмыстарына кедергі келтірмекші.

Насосты станцияларға электр қуатын беру күнделікті таңғы сағат 7-ден кешкі сағат 21-ге дейін тоқтатылды.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны