22.04.2011, 17:27 4878

Петропавлда полиция қызметкері суға батып бара жатқан жігітті құтарып қалды

Петропавлда полиция қызметкері суға батып бара жатқан жігітті құтарып қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Петропавл. 22 - сәуір. Kazakhstan Today - Петропавлда полиция қызметкері суға батып бара жатқан жігітті құтарып қалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Қазақстан жаңалықтары ақпараттық агенттігінің хабарлауынша, Петроапвлдың ІІБ патрульдық полиция батальонының қызметкері Руслан Қыдырмин, мұз астына құлаған адамды құтқардып қалған. Бұл туралы жұма күні Солтүстік-Қазақстан облыстық ІІД баспасөз қызметінен хабарлады.

Кешқұрым полиция қызметкері Есіл өзені маңындағы аймақтарды тексеруі кезінде, көмектесіңдер деген дауысты естіген. Жүгіріп келіп ойылған жерге қараса бір кісі батып барады екен, еш ойланбастан оған көмек қолын ұсынады.

"Мен жарылған жерге жағадан түсіп, жігіттің судан шығуына көмектестім, оны "Модуль" стационарлық орталығына жылынуға алып бардым, сосын жедел-жәрдемді шақырып, орталықтың жедел кезекшісіне болған оқиғаны баяндадым", - деді полиция қызметкері.

Фото: news2.ru

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны