12.02.2007, 15:34 2961

Петропавлда республика тарихында бірінші рет алқа билердің қатысуымен өтетін сот процессі басталды

ПЕТРОПАВЛ. 12-ақпан. Kazakhstan Today. Бүгін Петропавлда Солтүстік Қазақстан облыстық сотында республика тарихында бірінші рет алқа билердің қатысуымен өтетін сот процессі басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Процессте 1996 жылдың қарашасында басқа да тұлғалармен бірлесе отырып үш адамды өлтірді деп айып тағылған С. Юрийге қатысты қылмыстық іс қаралады.

Қылмыстық істің материалдарымен танысу барысында айыпталушы өзіне қатысты істі алқа билердің қатысуымен қарау туралы өтініш білдірген.

Алқа билер коллегиясын құру үшін кездейсоқ компьютерлік таңдау әдісі бойынша сот залына облыстың әртүрлі аудандарынан 40 кандидат шақырылған, олардың 37-і келген . Сот отырысына 11 алқа би таңдап алынды, 9 алқа би негізгі топқа, екеуі қосалқы топқа кіреді. Қазақстан тарихындағы бірінші алқа билер төрағасы болып Солтүстік Қазақстан облысының Аққайың ауданының Иванов орта мектебінің пеш жағушысы Сатыбалды Нұрышев тағайындалды.

Бүгін сот төрағасы судья Николай Алешкин, "сот процессі он күнге немесе одан да көп уақытқа созылуы мүмкін", деп хабарлады. Алқа билердің әрбір күнгі жалақысы шамамен 3713 теңгені құрайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны