05.11.2012, 10:13 4033

Петропавлда вафель және макарон өнімдерін шығаратын өндіріс іске қосылды

Петропавлда "Сұлтан кондитерлік өнімдері" АҚ-да вафель және макарон өнімдерін шығаратын цех іске қосылды. Салтанатты ашылу рәсіміне Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Серік Біләлов пен "Окан Холдинг" компаниясының президенті Бекір Окан қатысты. Кәсіпорынның өнімдері қонақтарға көрмеде таныстырылды.

Петропавл. 5-қараша. Kazakhstan Today - Петропавлда вафель және макарон өнімдерін шығаратын өндіріс іске қосылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Петропавлда "Сұлтан кондитерлік өнімдері" АҚ-да вафель және макарон өнімдерін шығаратын цех іске қосылды. Салтанатты ашылу рәсіміне Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Серік Біләлов пен "Окан Холдинг" компаниясының президенті Бекір Окан қатысты. Кәсіпорынның өнімдері қонақтарға көрмеде таныстырылды.

Жиналғандардың алдында сөз сөйлеген өңір басшысы тамақ өнеркәсібі облыста қарқынды түрде дамып келе жатқандығы тілге тиек етті. Өндіріс көлемі 9 айда 15 пайызға өсіп, 36 миллиард теңгеге жетті.

Тәуелсіздік алған жылдары Елбасының үндеуіне алғашқылардың бірі болып Түркияның "Окан Холдинг" компаниясы үн қосты. "Сұлтанның" қатты бидайдан өндірілетін ұн және макарон кешені - облысымыздағы бірінші инвестициялық жоба болып табылады. Қазіргі таңда кәсіпорын 35-тен аса макарон өнімдерін шығарады. Ал кондитерлік фабрика 1998 жылы іске қосылды.

"Бүгін біз тәулігіне 7 тонна өнім шығаратын макарон және қуаттылығы тәулігіне 9 тоннаны құрайтын кондитерлік өнімдердің 4-ші желісін іске қосып отырмыз. Осының арқасында өнім түрлері 70-ке барып, қосымша 15 жұмыс орны ашылып отыр", - деп атап өтті өңір басшысы.

Облыс әкімі "Окан Холдинг" компаниясының басшылығына өңір экономикасына қосып жатқан үлесі үшін алғысын білдіріп, болашақта әріптестіктің нығая түсетініне сенімін жеткізді.

Ашылу рәсімінде "Окан Холдинг" компаниясының президенті Бекір Окан да сөз сөйледі.

Жаңа желіні іске қосу құрметі облыс әкімі Серік Біләловке берілді. Кейін қонақтар цехті аралап, тәтті тағамдардан дәм татты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны