11.07.2026, 10:47 53091

Петропавлда"Қызылжар әуені" халықаралық музыкалық фестивалі өтуде

Петропавлда"Қызылжар әуені" халықаралық музыкалық фестивалі өтуде
Сурет: qaztourism.kz
Петропавл қаласында "Қызылжар әуені" халықаралық фестивалі бастау алды. Фестиваль Қазақстан Конституциясы көшесіндегі жаяу жүргіншілер аймағында өтіуде және Қазақстан, Еуропа және АҚШ музыканттарының басын қоспақ.

"Күн сайын сағат 19:00-де қаланың басты алаңы түрлі музыкалық бағыттар, мәдениеттер мен ұрпақтарды тоғыстыратын ауқымды концерттік алаңға айналады", - деп хабарлады қала әкімдігінің баспасөз қызметінен.


qaztourism.kz

Бес күн бойы көрермендерге шығармашылық ұжымдар мен өнер майталмандары өнер көрсетіп, классикалық және заманауи туындылар орындалады. Бағдарламада би батлдары мен гала-концерттер де бар.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, фестиваль Солтүстік Қазақстан облысының мәдени өміріндегі маңызды шаралардың біріне айналған.

"Бұл жай ғана концерттік топтама емес, бұл музыка, өнер және тікелей қарым-қатынас арқылы адамдардың басын қосатын ауқымды іс-шара. Фестиваль әлемдік деңгейдегі әртістердің өнерін тамашалауға, жаңа музыкалық бағыттармен танысуға және жаз кештерін мерекелік көңіл күймен өткізуге мүмкіндік береді", - деп атап өтті баспасөз қызметінен.

 

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.


МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны