19.09.2017, 15:20 4614

Петропавлда жалпықалалық сенбiлiк өттi

16 қыркүйекте Петропавл қаласында алғашқы күзгi сенбiлiк өттi. Iс-шараға Солтүстiк Қазақстан облысыныӊ басшысы Құмар Ақсақалов қатысты.

Петропавловск. 19 қыркүйек. Kazakhstan Today - 16 қыркүйекте Петропавл қаласында алғашқы күзгi сенбiлiк өттi. Iс-шараға Солтүстiк Қазақстан облысыныӊ басшысы Құмар Ақсақалов қатысты.

Сенбiлiкте өӊiр басшысы қаланы абаттандыру бойынша алдағы уақытта жасалатын жұмыстар туралы айтты.

"Ауа-райы қолайлы болып отырғанда тазарту жұмыстарын жүргiзу қажет. Жақын арада жаӊа балаларға арналған және спорттық алаӊдарды орнатуды жоспарлап отырмыз. Қалалық саябақтыӊ көшелерiнде жарық пайда болады", - дедi өӊiр басшысы.

Сенбiлiкке мемлекеттiк қызметкерлер, медицина және бiлiм беру саласы мекемелерiнiӊ қызметкерлерi шықты.

Бүгiн ескi саябақтыӊ аумағын 24 учаскеге бөлдi, ол 1 млн. 200 мыӊ шаршы метр.

Келесi жалпықалалық сенбiлiк 23 қыркүйекке жоспарланған, қаланы абаттандыру мен жақсартуға кез келген қала тұрғыны өз үлесiн қоса алады.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны