17.03.2011, 16:01 3775

Петропавлдың екі тұрғыны адам саудалаумен айналысқан

Петропавлдың екі тұрғыны адам саудалаумен айналысқан, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі BNews.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Петропавл. 17 - наурыз. Kazakhstan Today - Петропавлдың екі тұрғыны адам саудалаумен айналысқан, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі BNews.kz ақпараттық агенттігіне сілтеме жасай отырып.

Ақпарат агенттігінің хабарлауынша, "2011 жылдың наурыз айының басында ҰҚКБ қыметкерлеріне жас жігіттердің екі қызға сатып алушылар іздеп жүргені туралы ақпарат келіп түскен. Күдікті саудагерлерге бақылау қойылады. Тірі тауарды - бірі 18 жасар, екіншісі 35 жасар екі қызды қаскүнемдер 150 мың теңгеге бағалады", - деп атап өтті баспасөз қызметі.

Баспасөз қызметі хабарлағандай, сатып алушылар ретінде полицейлер барады. Мәміле жасалып, қыздар тапсырылғаннан кейін саудалаушылар бірден құрықталған. Қаскүнемнің екеуі де Петропавл тұрғыны болып шықты.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны