05.05.2008, 16:43 3210

Петропавловск қаласын гастарбайтерлер жаулап алды - телеарна

Петропавловск қаласын гастарбайтерлер жаулап алды - телеарна

Астана. 5 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Петропавловск қаласын екі айдан бері гастарбайтерлер жаулап алды, деп хабарлайды агенттік "Қазақстан -Петропавл" телеарнасына сілтеме жасап.

Петропавловск - Орталық Азиялық мигранттар үшін Қазақстандағы аса ірі өткізу базасы болып табылады, бұл жерден поезбен Ресейдің кез-келген қаласына жетуге болады.

"Гастарбайтерлер мінген автобустар вокзал маңындағы алаңға лықа толды. Адамдар мен жолсандықтар тиелген керуен екі айдан бері ағылуда. Солтүстік Қазақстан облысының шекарасынан 30 мың өзбек пен тәжік өткен. Өз поездарын күткен шетелдіктер вокзал маңындағы алаңды ластап, газондарды түгел таптап тастады", - деп хабарлайды телеарна.

Петропавловск қалалық ІІБ көші-қон полициясы бөлімінің бастығы Бауыржан Сәдуақасовтың айтуынша, "азаматтардан тазалық жайлы көптеген шағымдар келіп түсуге байланысты әкімшіліктің қаулысымен еңбек мигранттары үшін жеке тұрақ бөлуге шешім қабылданды".

"Қазір автопарк шетелдерден келген қонақтарға душ, дәретхана, асхана мен медицина қызметкерінің қызметін көрсетуде. Оған қоса олар поезға жеткізіледі. Осындай қызмет үшін бір адамнан 500 теңге алады, бұл - тым қымбат емес", -дейді қонақтар.

"Барлық жағдайлардың жасалғанына қарамастан, гастарбайтерлер әзірге тыныш, мәдениетті әрі қоқыс тастап ластамай -ақ жолға шығып кетуге жол таппай отыр. Мыңдаған адамнан оны талап ету де оңайға түспейді. Ұйымдасқан түрде демалдыру жоспарының күлпаршасы шығатын түрі бар", - деп хабарлайды жергілікті телеарна.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны