14.07.2008, 16:09 1603

Петропавловск қаласында "Болашақ" балабақшасы ашылды

Петропавловск қаласында "Болашақ" балабақшасы ашылды

Петропавловск. 14 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Петропавловск қаласында "Болашақ" балабақшасы ашылды, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

Облыс әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, 2008 жылдың 13 шілдесінде Қала күніне орай Солтүстік Қазақстан облысының әкімі Серік Біләловтың қатысуымен "Болашақ" балабақшасы салтанатты түрде ашылды.

Қазір қаладағы мектепке дейінгі мекемелерде 4 мыңнан астам бала тәрбиеленеді. "Болашақ" балабақшасы осындай 20-шы мекеме болмақ, онда 112 бала тәрбиеленбек.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны