26.12.2008, 19:00 2784

Петропавловск қаласында екі тәуліктен бері қала орталығындағы жылу магистралындағы апаттың салдарын жоюда

Петропавловск қаласында екі тәуліктен бері қала орталығындағы жылу магистралындағы апаттың салдарын жоюда

Петропавловск. 26 желтоқсан. "Қазақстан Бүгін" - Петропавловск қаласында екі тәуліктен бері қала орталығындағы жылу магистралындағы апаттың салдарын жоюда. Жылумен қамту жүйесінің істен шығу қаупі жоқ, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Солтүстік Қазақстан энергетикалық орталығы" ЖШС баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, энергетиктер жылу магистралының жарылғанын 24 желтоқсанда тауып анықтаған. Оны бірден жоюға кірісті. Апатқа құбырды тот басуы себеп болған, ал ондай жағдайға қалалық су құбыры магистралынан шыққан суық судың трассаны басып қалуы әсер еткен, деп хабарлайды мекеме.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны