08.10.2008, 17:56 2909

Петропавловск қаласында көп қабатты үйлердің газ қамтамасыздығы жүйесінен қола гайкаларды ұрлаған күдікті ұсталды

Петропавловск қаласында көп қабатты үйлердің газ қамтамасыздығы жүйесінен қола гайкаларды ұрлаған күдікті ұсталды

Петропавловск. 8 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Петропавловск қаласында көп қабатты үйлердің газ қамтамасыздығы жүйесінен қола гайкаларды ұрлаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды агенттік тілшісі СҚО ІІД-нің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Полиция ақпаратына сәйкес, қолға түскен 36 жастағы Петропавловск тұрғынынан ұрланған гайкалардың бір бөлігі алынды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Петропавловск қаласында 3 мыңдай пәтер бірнеше күн бойы газсыз қалды. Мұндай жағдайға түсті металл жинаушылардың қола гайкаларды ұрлауы себеп болған.

"Горгазсервис" ЖШС мамандарының айтуынша, тек соңғы үш күнде осындай 27 ұрлық оқиғасы тіркелген. Осыдан жарты жыл бұрын 147 гайканы алып кету салдарынан 14 мың пәтер көгілдір отыннан қағылған болатын. Ал қазір 27 үйге газ қайта жіберілгенмен, 4 үй әлі де газсыз отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны