02.12.2018, 14:32 5164

"Петропавловск - Москва" бағытымен қатынайтын пойыздан есірткіні дорбасымен жұтып қойған "тірі контейнер" ұсталды

Ұсталған азамат вагонға шекарашылар кіріп келген кезде сасқанынан, салмағы 10 граммдай марихуананы целлофан дорбасымен қосып жұтып жібергендігін мойындады. "Тірі контейнер" Петропавл желілік ішкі істер бөліміне тапсырылды.

Астана. 2 желтоқсан. Kazakhstan Today -Солтүстік шекарадағы Петропавл отрядыныӊ "Мамлютка -теміржол"өткізу пункітініӊ шекарашылары (2018 ж. 27.11. сағ.16.15 мин. шамасында) "Петропавловск - Москва" бағытымен қатынайтын № 89 пойызды тексеру барысында вагондардыӊ бірінен 55 жастағы қазақстандық азаматты ұстады.

Есірткі ұстауға арнайы үйретілген "Имидж" атты қызметтік ит бұл азаматтыӊ маӊынан айналсоқтап кетпей қойды. Тексеру барысында ештеӊе табылмағанымен, шекарашыларға күдікті болып көрінген нәрселер - оныӊ өзін-өзі ұстауы (сасқалақтауы) мен портсигарынан табылған 7 тал, іштері бос "Беломор Канал" папиростары еді. Күдік бекер болмай шықты. Ұсталған азамат вагонға шекарашылар кіріп келген кезде сасқанынан, салмағы 10 граммдай марихуананы целлофан дорбасымен қосып жұтып жібергендігін мойындады. "Тірі контейнер" Петропавл желілік ішкі істер бөліміне тапсырылды.

Бұл сонда жолсеріктіӊ есірткісі ме?

Семейлік шекарашылар "Ауыл - теміржол" өткізу пунктінде,"Алматы - Новосибирск" бағытындағы № 302 пойызды тексеру кезінде, қызметтік иттіӊ көмегімен вагондардыӊ бірініӊ шаруашылық тамбурындағы көмір тұратын бөліктен, полиэтилен пакетке салынған, салмағы 10 граммдай болатын гашиш есірткісін тапты.

Бұл жерде барлық күдік соған келіп тірелгендіктен, 48 жастағы вагон жолсерігі ұсталып, Семей бекетініӊ желілік ішкі істер бөліміне тапсырылды, деп хабарлайды ҚР ҰҚК ШҚ баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланИан жаИдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық қИқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны