07.08.2008, 16:07 2657

Петропавловскіде 1009 үйдің 18-і ғана жылу маусымына дайын

Петропавловскіде 1009 үйдің 18-і ғана жылу маусымына дайын

Петропавловск. 7 тамыз. "Қазақстан Бүгін" - Петропавловскіде 1009 үйдің 18-і ғана жылу маусымына дайын, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі "Солтүстік Қазақстан энергоорталығы" ЖШС баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сүйенсек, 1009 үйден үйдің ішіндегі жылу жүйесін тек 176 үй ғана жуған. Ал барлығы 18 үй алдағы жылу маусымына дайындық паспорттарын рәсімдеген.

Сонымен қатар, 24 балалар бақшасынан алдағы қысқа тек жетеуі дайын болса, ал 43 мектептен 12-сі дайын екендіктері жөнінде мәлімдеп отыр. Сондай-ақ, 20 әлеуметтік мәдени нысаннан дайындық паспорттарын үшеуі алған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны