13.05.2008, 10:23 1387

Петропавловскіде Кеңестер Одағы Батырының ескерткіші орнатылды

Петропавловскіде Кеңестер Одағы Батырының ескерткіші орнатылды

Астана. 13 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Петропавловскіде Кеңестер Одағының Батыры Ибу Досмұхамбетовтың ескерткіші орнатылды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

Облыстық дарынды балаларға арналған арнайы гимназия-интернат аумағында 9 мамырда Кеңестер Одағының Батыры Ибу Досмұхамбетовтың ескерткіші орнатылды. Интернат 23 жылдан бері оның атын иемденіп келеді.

Салтанатты ашылу рәсіміне облыс әкімі Серік Біләлов, Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен мектеп оқушылары қатысты.

Кеңестер Одағының Батыры Ибу Досмұхамбетовтың ескерткішін жергілікті мүсінші Бақытжан Рамазанов сомдаған. Биіктігі 3 метр 60 сантиметрлік ескерткіш аты облыстық дарынды балаларға арналған арнайы гимназия-интернатқа берілген Отан қорғаушыға көрсетілген құрмет. Ескерткішті салтанатты түрде облыс әкімі С. Біләлов ашты.

Ибу Досмұхамбетов 21 жасында майданға аттанған. Тағдыр жас Отан қорғаушыға бар болғаны жалғыз жыл шайқасуды жазыпты. Ол 1943 жылы Чернобыльде ерлікпен қаза тапты. Көптеген жылдар өткеннен кейін КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының жарлығымен көрсеткен ерлігі мен жанқиярлығы үшін Ибу Досмұхамбетов Кеңес Одағының Батыры деген атаққа ие болды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны