05.05.2008, 18:24 3188

Петропавловскіде "Көшедегі жарық" атты қалалық бағдарлама аясында 19 шақырымға жуық желі қалпына келтірілді - телеарна

Петропавловскіде "Көшедегі жарық" атты қалалық бағдарлама аясында 19 шақырымға жуық желі қалпына келтірілді - телеарна

Астана. 5 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - Петропавловскіде "Көшедегі жарық" атты қалалық бағдарлама аясында 19 шақырымға жуық желі қалпына келтірілді, деп хабарлайды агенттік "Қазақстан -Петропавл" телеарнасына сілтеме жасап.

Қазір Бензострой кентіндегі жұмыстар аяқталып келеді. Енді Жұмысшылар кентіндегі және қаладағы мәдениет және демалыс саябағының ескі бөлігіндегі электр желілерін жаңғырта бастау жоспарланған.

Сонымен бірге, биыл облыс орталығындағы 110 ауладағы желіні жаңалау жоспарда бар.

Мәселен, апаттық қызмет шебері Араб Көшімбаевтың тобы 5-желі көшесіндегі аулаларда жұмыс істеп жатыр. Онда бағандар орнатылып, электр желілері тартылып, шамшырақтар орнатылуда. Петропавловск қаласының осындай 25 ауласындағы жұмыстар аяқталды. Былтырғыдай, қаланың шеткері аудандарына басымдық берілуде, деп хабарлайды жергілікті телеарна.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны