29.07.2008, 09:50 1587

Петропавловскіде Тюмень қаласының кардиохирургтары бір операция жасап, тумасынан жүрек ақауы бар 45 балаға кеңес берді

Петропавловскіде Тюмень қаласының кардиохирургтары бір операция жасап, тумасынан жүрек ақауы бар 45 балаға кеңес берді

Петропавловск. 29 шілде. "Қазақстан Бүгін" - Петропавловскіде Тюмень қаласының бір топ кардиохирургы 1 операция жасап, тумасынан жүрек ақауы бар 45 балаға кеңес берді. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Дәуренбек Бейсенбаев хабарлады.

Ол топқа Тюмень облыстық клиникалық ауруханасының балалар кардиохирургиясы және туа біткен жүрек ақауы хирургия бөлімінің меңгерушісі, профессор Кирилл Горбатиков жетекшілік етеді.

Д. Бейсенбаевтың хабарлауынша, Тюмень кардиохирургтары болашақта облыстың Уәлиханов, Ақжар және Айыртау аудандарының туғанынан жүрек ақауы бар балаларын қабылдап, оларға кеңес беруді жоспарлап отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны