30.11.2007, 18:02 6291

Петропавловскінің апаттық медицина орталығының автопаркі екі жансақтау көлігімен толықтырылды

Петропавловскінің апаттық медицина орталығының автопаркі екі жансақтау көлігімен толықтырылды

Астана. 30-қараша. "Қазақстан Бүгін" - Петропавловскнің апаттық медицина орталығының автопаркі екі заманауи жансақтау көлігімен толықтырылды. Бұл туралы "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің баспасөз қызметінен хабарлады.

Баспасөз қызметінің ақпараттарына сүйенсек, облыс әкімі Серік Билялов орталықтың бас дәрігеріне "Фольксваген" маркалы екі жаңа көліктің кілтін салтанатты түрде табыс еткен.

"Орталыққа келіп түскен көліктер жансақтау шараларын жүргізуге арналған және шұғыл медициналық көмек көрсетуге қажетті заманауи құрылғылармен жабдықталған",- деп нақтылап өтті баспасөз қызметіндегілер.

Ирбір көліктің құны 17 млн теңгені құрайды. Оларды сатып алуға арналған қаржы 2006 жылы республикалық бюджетте қарастырылған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны