18.05.2015, 16:47 3363

Пойыздарды шекарадан өткізу уақыты қысқарады

Қазіргі уақытта екі мемлекеттіӊ өкілетті органдары шекарадағы тексеру уақытын 3,6 есеге қысқартуға мүмкіндік беретін бірқатар шараларды қарастырып жатыр. Бұл шаралар кейін Қазақстан-Ресей шекерасындағы барлық тексеру-бақылау нүктелерінде енгізілетін болады.

Астана. 18 Мамыр. Kazakhstan Today - Мәскеуде "ҚТЖ" ҰК" АҚ вице-президенті Берік Камалиев "РЖД" ААҚ жолаушылар тасымалы жөніндегі вице-президенті Михаилом Акуловпен кездесті. Кездесу барысында жолаушылар пойыздарын Қазақстан-Ресей шекерасын өткізу ресімдерін жеӊілдетуге, тексеру уақытын қысқартуға қатысты мәселелерді талқылады, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Қазіргі уақытта екі мемлекеттіӊ өкілетті органдары шекарадағы тексеру уақытын 3,6 есеге қысқартуға мүмкіндік беретін бірқатар шараларды қарастырып жатыр. Бұл шаралар кейін Қазақстан-Ресей шекерасындағы барлық тексеру-бақылау нүктелерінде енгізілетін болады.

Бұдан бөлек, екі елге қатынайтын мемлекетаралық жолаушылар пойыздарыныӊ қозғалысын ұйымдастыруға қатысты бірқатар мәселелер де сөз болды.

"Жолаушылар тасымалы" АҚ баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны