22.07.2015, 09:59 3495

Полицейлер саунада жанжал шығарды

18 шілдеде екі полицейге - Жылой АІІБ-ніӊ бөлім бастықтарына қатысты қылмыстық іс қозғалды

Астана. 22 Шілде. Kazakhstan Today - 18 шілдеде екі полицейге - Жылой АІІБ-ніӊ бөлім бастықтарына қатысты қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Иріптестер жұмыстан тыс уақытта өзара аяусыз төбелескен, деп атап өтті ІІД баспасөз қызметініӊ жетекшісі Гүлназира МҰХТАРОВА:

- Кешкі сағат 20.00-да Жылыой АІІБ-ніӊ екі қызметкері арасында тұрмыстық жанжал орын алған. ҚР ҚК-ніӊ 293-бабы ("Бұзақылық") бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қызметтік тексерумен Атырау облыстық ІІД ішкі қауіпсіздік басқармасы айналысуда. Біздіӊ ақпаратымыз бойынша, полицейлер Құлсарыдағы сауналардыӊ бірінде демалған. Жанжал сол жерде болған, деп хабарлайды azh.kz тілшісі.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны