25.01.2016, 10:21 4983

Полицейлердіӊ қырағы жұмыстарыныӊ нәтижесінде өз-өзіне қол жұмсамақ болған қала тұрғыны құтқарылды

Ағымдағы жылдыӊ 23 қаӊтарында сағат 17.30 шамасында Сұлтан Бейбарыс көшесінен өтіп бара жатырған жол-патрульді полиция батальонына "көпір үстінен белгісіз бір азаматтыӊ секіріп кеткендігі" жөнінде хабарлама келіп түседі

Астана. 25 қаӊтар. Kazakhstan Today - Ағымдағы жылдыӊ 23 қаӊтарында сағат 17.30 шамасында Сұлтан Бейбарыс көшесінен өтіп бара жатырған жол-патрульді полиция батальонына "көпір үстінен белгісіз бір азаматтыӊ секіріп кеткендігі" жөнінде хабарлама келіп түседі, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігініӊ тілшісі.

Аталған хабарлама бойынша Жол-патрульді полиция батальоныныӊ қызметкерлері полиция аға лейтенанты Жайсанбаев Шаттық, полиция аға сержанты Ишірбеков Бақытжан мен Нұртаев Нұрлыбек "Сырдария" көпіріне дереу жетіп, өзенніӊ ағысымен батысқа қарай ағып бара жатырған азаматты байқап қалады. Ауа-райыныӊ қолайсыздығына қарамастан сыртқы киімдерімен суға түсіп, азаматты құтқарып алады, алғашқы дәрігерлік көмек көрсетеді. Оқиға басына жедел жәрдем қызметі шақырылып, азамат Қызылорда қалалық ауруханасына жеткізілді.

Азаматтыӊ хал-жағдайы "жақсы" деп бағалануда, өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ.

Қазіргі таӊда, азаматтыӊ бұл қадамға бару себептерін жан-жақты зерделеу мақсатында тиісті жұмыстар жүргізілуде.

Қызылорда ОІІД баспасөз қызметі

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны