23.05.2007, 14:09 2509

Полиция академик Илиевтің үйінде тінту жүргізді

АЛМАТЫ. 23-мамыр. Kazakhstan Today. Танымал қоғам қайраткері, "Нұр Отан" партиясының саяси кеңесінің мүшесі, академик Мұхтар Илиевтің үйінде полиция тінту жүргізді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

Тінтуді Алматы қалалық ІІД-нің қызметкерлері сейсенбі күні жүргізген. Тәртіп сақшыларының айтуынша, танымал ғалымның үйінен олар қашып жүрген Жолдас Темірәлиевті іздеген.

Kazakhstan Today агенттігі осыған байланысты Алматы қалалық ІІД-нің басшылығынан мән-жайды түсіндіріп беруді сұрады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны