19.02.2007, 14:54 3292

Полиция Алматы тұрғынынан гранатомёт тәркіледі

АЛМАТЫ. 19-ақпан. Kazakhstan Today. Полиция қызметкерлері Алматыда "Орбита" ықшамауданының тұрғынынан оқ-дәрісіз гранатомёт тәркіледі. Бұл туралы Kazakhstan Today агенттігінің тілшісіне Алматы қаласының ішкі істер департаментінен хабарлады.

"54 жастағы ұсталған азамат "Муха" үлгісіндегі қол гранатомётті әйелімен және екі баласымен тұратын екі бөлмелі пәтерде сақтаған. Ол гранатомёттің қайдан шыққандығы туралы айтарлықтай ештеңе айта алмады",- деді полицейлер.

Полицейлер, ұсталған азаматтың бұрындары есірткі пайдаланғаны және сақтағаны үшін сотталғандығын анықтады.

Қазіргі уақытта гранатомёт баллистикалық сараптама жасауға жіберілді. Полиция ұсталған азаматтың қаруды қайдан алғанын анықтауда.

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне сүйенсек, Алматы полицейлері "Құқық және тәртіп" жедел - алдын-алу шараларын жүргізген небәрі бес күн ішінде 15 қару-жарақ тәркілеген.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны