16.05.2007, 16:57 3025

Полиция қамауға алған "Нұрбанктің" қауіпсіздік қызметі басқармасының бастығы аштық жариялады

АЛМАТЫ. 16-мамыр. Kazakhstan Today. Осыдан бір апта бұрын полиция қамауға алған "Нұрбанк" АҚ қауіпсіздік қызметінің бастығы Ерлан Сәрсенбаев аштық жариялады, деп Kazakhstan Today агенттігіне оның туыстары хабарлады.

"Ерлан қамауда отырғалы бір апта болды. Бірақ оған бүгінгі күнге дейін айып тағылған жоқ,- деп хабарлайды жақындары. - Сонымен бірге қамауда отырған кезде оның асқазан жарасы асқынып кеткен. Бірақ қажетті медициналық режимді сақтауға Ерланға мүмкіндік берілген жоқ". "Сол себепті ол аштық жариялады",- деді Сәрсенбековтың туысы.

Осы орайда еске салсақ, 10-мамыр, бейсенбі күні үйінен емханаға шығып кеткен Е.Сәрсенбеков сол күйінде хабарсыз кеткен. Артынан анықталғанындай, оны тәртіп сақшылары қамауға алған. Ол қазір Алматы қалалық ІІД-нің тергеу абақтысында отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны