06.04.2007, 10:55 1854

Полиция қызметкерлері Семейдің Техникалық қызмет көрсету станцияларынан көптеген заң бұзушылықтарды анықтады

СЕМЕЙ . 5 сәуір. Kazakhstan Today. Семейдегі техникалық қызмет көрсету станцияларында көптеген заң бұзушылықтар анықталды. Бұл жөнінде Семей ІІБ криминалды полиция бөлімінің қызметкері Еркін Бекбосынов хабарлады.

Оның ақпараты бойынша, көліктердің ұрлану деректерін анықтау үшін қалада автокөліктерге техникалық қызмет көрсету станциялары (ТҚС ) тексерілуде. Үш күн жүргізілген рейд барысында полицейлер шамамен жиырмаға жуық ТҚС тексерген. "Идеттегідей, ұрланған көліктер осында әкелінеді. Ұрлықшылардың басты мақсаты ізін жасыру үшін номер белгілерін ауыстыру",-дейді Е. Бекбосынов.

Сонымен қатар, рейд кезінде полиция қызметкерлері проблемаға тап болды: тексерілген бірде бір техникалық қызмет көрсету орталығы автокөліктердің есеп журналын жүргізбеген. "Бұл біздің мақсатымызды қиындатады. Ереже бойынша, ТҚС арнайы тіркеу журналын жүргізуі керек. Онда қашан, қандай машина, қандай ақаулармен жөндеуге әкелінгені жазылуы тиіс. Сонымен қатар жол полициясынан жол апатынан зардап шеккені туралы анықтама қағаз көрсетілуі керек. Бұл талаптардың бірі де ТҚС-да ескерілмеген. Ир станцияда қазір әртүрлі маркалы 20-30 қираған көлік бар. Енді олардың әрқайсысына қатысты жағдайды анықтауымыз қажет", дейді Е.Бекбосынов.

Сонымен қатар, тексерілген станцияның бірінде осы қызметпен айналысуға рұқсат беретін патент қағаздары жоқ . "Анықталған заң бұзушылықтар бойынша, материалдар жинақталды, енді қаржы полициясына мен салық полициясына жібереміз",-деп атап өтті Е.Бекбосынов.

Рейд шаралары 8 сәуірге дейін жалғасады. Осы аралықта полиция қызметкерлері қаладағы барлық техникалық қызмет көрсету станцияларын тексермекші.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны