09.07.2007, 15:44 3210

Полиция журналист Оралғайша Омаршанованы әлі іздестіріп жатыр

АСТАНА. 9-шілде. Kazakhstan Today. Полиция "Закон и правосудие" газетінің тілшісі Оралғайша Омаршанованы әлі іздестіріп жатыр. Бұл туралы бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында ҚР ІІМ-нің баспасөз хатшысы Бағдат Қожахметов құлағдар етті, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Іздеу жұмыстары әлі жалғасып жатыр. Изірге нәтиже жоқ", - деді Б.Қожахметов бүгін Астанада өткен баспасөз мәслихатында.

Осы орайда еске салсақ, О.Омаршанова 2007-жылдың 30-наурызында жоғалып кеткен. 26-наурызда газет бетінде оның "Кровавый беспредел, или Кто стоит за братьями-"махновцами" атты соңғы мақаласы жарық көрген болатын. Бұл мақалада журналист Алматы облысының Маловодное аулыныңдағы қанды жанжалдың себептерін талдаған. Мақаланың соңғы сөзінде мақала газеттің келесі санында жалғастырылатындығы хабарланған.

Сәуірде журналистік ұйымдар ІІМ мен Бас прокуратураға журналисті іздестіру жұмыстарын тездетуді өтінді. Журналистер Оралғайшаның жоғалып кетуін нақты бір мақаламен байланыстырмайды, алайда, оның ғайып болуы кәсіби іс-қызметімен байланысты болуы мүмкіндігін жоққа шағармайды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны