09.11.2006, 18:20 2909

Полицияның байқауынша, Оңтүстік Қазақстан облысында нашақорлар саны азаюда

ШЫМКЕНТ. 9 қараша. Kazakhstan Today. Оңтүстік Қазақстан облысының Ішкі істер департаменті есірткі саудасымен күрес басқармасының жетекшілігі аймақта есірткіні қолдану азайып қалды,- деп хабарлайды Kazakhsatn today агенттігінің тілшісі.

Басқарма жетекшісі Берік Мәмбетәлиевтің айтуынша, ресми деректер бойынша, облыста нашақорлар саны бүгінде 3656 адам, ал өткен жылы 4595 адам тіркелінген болатын",-деді ол баспасөз мәслихатында. "Ресми көрсеткіштер мен бейресми деректер арасында едәуір алшақтық бар деуге өз басым нақты негіз жоқ. Өйткені біз күн сайын күдікті адамдарды ұстап, оларды қолда бар мәлімет қоры бойынша тексереміз. Қан құрамында есірткі бар жоғын анықтап, бар болса тіркеуге аламыз. Десекте ресми деректер көбеюден бұрын азайғаны байқалып отыр",- дейді Мәмбетәлиев.

Оның мәліметтерінше, 2006 жылдың 10 айында Оңтүстік Қазақстан облысында есірткіге байланысты 510 қылмыс тіркелген. Ал өткен жылы бұл көрсеткіш 515 болатын. Олардың арасында 151 іс сату, 16-сы контрабандалық жолмен алып келу, 52 іс құрамында есірткісі бар өсімдіктерді өсіру, 290-ы есірткі сақтау және бір қылмыс есірткі сататын үй ұстағанға байланысты.

Жалпы кейінгі екі жылда облыс бойынша бірнеше жыл бойы тіркеуде тұрған 76 есірткі сататын орын мен үйлер жойылды. Қылмыстың бұл түрімен айналысқандардың барлығы да қылмыстық жазаға тартылған,-деп хабарлады Мәмбетәлиев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны