27.06.2019, 23:20 9184

Полиция қуатты бомба жарылысы болады деген жалған ақпаратты таратқандары үшін екі әйел адамды ұстады

Соңғы тәуліктер бойынша аталған баппен 3 дерек тіркеліп отыр.

Нұр-Сұлтан. 27 маусым. Kazakhstan Today - Шымкент қаласының полиция Департаменті қуатты бомба жарылысы болады деген жалған ақпаратты таратқандары үшін екі әйел адамды ұстады. Ішкі істер органдарымен ұсталғандарға қатысты ҚР ҚК 274 бабының 1 тармағымен сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Соңғы тәуліктер бойынша аталған баппен 3 дерек тіркеліп отыр.

Қазақстан Республикасының ішкі істер министрлігі тұрғындарды әлеуметтік желілер арқылы және түрлі мессенджерлер арқылы таралатын жалған ақпаратқа сенбеулерін және үрейге бой алдырмауларын сұрайды.

Еске сала кетейік, ресми ақпарат тұрақты түрде арнайы құрылған жедел штаб арқылы таралады.

Сонымен қатар, ҚР Ішкі істер министрлігі Арыс қаласында қайтыс болған адамдардың саны үшеу екендігін ресми түрде растайды. Әлеуметтік желі арқылы қайтыс болған адамдар саны одан да көп деген қауесет ақпараттардың жалған екендігін мәлімдейді. Егер де азаматтар зардап шеккен адамдар туралы қандай да бір қосымша деректерге ие болса, ресми түрде ішкі істер министрлігіне шағымдануға шақырамыз, деп хабарлайды ҚР ІІМ Баспасөз қызметі.

Ақпаратты пайдаланѓан жаѓдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігініњ материалдарына авторлық қ±қық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны