20.03.2013, 15:50 3341

Польшада үйінді астыннан 19 шахтер құтқарылды

Польша ақпарат құралдарының хабарлауынша, мыс кенішінде құлаған тау жынысы астында қалған 19 шахтер жеті сағаттан соң құтқарылды, деп хабарлайды "Азаттық" радиосы.

Астана. 20-наурыз. Kazakhstan Today - Польшада үйінді астыннан 19 шахтер құтқарылды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Польша ақпарат құралдарының хабарлауынша, мыс кенішінде құлаған тау жынысы астында қалған 19 шахтер жеті сағаттан соң құтқарылды, деп хабарлайды "Азаттық" радиосы.

Польшада кеше кешке магнитудасы 4,7 балға жеткен жер сілкінісі болып, тау жыныстары құлаған еді. "Рудна" шахтасының шахтерлері жер бетінен 950 метр тереңдіктегі кеніште үйінді астында қалып қойған.

Жер сілкінген соң төрт шахтер бірден жер бетіне шығып үлгерген. 25 құтқарушы оларды құтқару үшін жеті сағат жұмыс істеген. Бір шахтер ғана жеңіл жараланған, қалғандары аман.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны