30.10.2007, 16:54 3097

"Power Kazakhstan 2007"" форумы мен көрмесінде отандық электр қуатын дамыту жоспарлары жайлы талқыланады

"Power Kazakhstan 2007"" форумы мен көрмесінде отандық электр қуатын дамыту жоспарлары жайлы талқыланады.

Алматы. 30-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін Алматыда ашылатын "Энергетика және жарықтандыру" - "Power Kazakhstan 2007"" Қазақстанның халықаралық форумы мен көрмесінде отандық электр және жылу қуатын дамыту жоспарлары жайлы айтылады. Бұл туралы бүгін өткен баспасөз мәслихатында "KEGOC" АҚ президенті Алмасадам Сатқалиев мәлім етті, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Бұл көрме энергетиктердің қазір осы салада болып жатқан жаңалықтар мен орта мерзімді болашақта не болатындығы жайлы сөз қозғауы үшін өте жақсы мүмкіндік",- деп атап өтті А. Сатқалиев.

Iteca көрме компаниясының баспасөз қызметінің хабарлауынша, жалпы аумағы 1900 шаршы метрді құрайтын " Power Kazakhstan 2007 " экспозициясына 13 елден келген 100-ге жуық компания, атап айтқада Германия, Дания, Египет, Қазақстан, Қытай, Литва, Біріккен Араб Имірліктері, Польша, Ресей, Түркия, Украина, Чехия және бірінші рет Франциядан келген компаниялар тобы қатысады.

"Көрме экспозициясының жартысын отандық компаниялардың алатындығы есте қаларлық оқиға, жалпы экспонаттар көлемінің 50 пайызы солардың үлесінде. Қалған қатысушыладың географиялары келесідей: жалпы қатысушылардың 22 пайыз алыс шетелден келген компаниялар (соның ішінде Франция 7 пайыз, Түркия 4 пайыз) және ТМД-ға мүше елдерден келген кәсіпорындар 28 пайыз, соның ішінде

Ресей - 25 пайыз",- деп атап көрсетілген баспасөз баянында.

Көрмеге қатысушылар халықаралық және жергілікті энергетикалық компаниялар, әлемдік электр қуаты құралдарын өндірушілер мен тасымалдаушылар, энергетикалық нысандарға сервистік қызмет көрсететін кәсіпорындар, KEGOC, Schneider Electric, Tyco Electronics, Legrand, Bettermann, Tavrida Electric, "Казтрансформатор", "Росатом", "Севкабель" және басқалар сияқты инжиниргтік және консалтингтік компаниялар болып табылады.

Көрме 1-қарашаға дейін жалғасады.

"Power Kazakhstan 2007" форумы бүгін Алматыда, "Бақшасарай" қабылдау үйінде, сессиялық отырыс түрінде өтеді. Бірінші сессия Қазақстанның электр және жылу энергетикасын дамыту болашағы туралы мәселелерге, екіншісі - Қазақстанда атом энергетикасын дамытуға арналады. Форумға 100-ге жуық өкілдер қатысады.

Форумдағы негізгі баяндама Қазақстан Республикасының энергетика және минералдық ресурстар вице-министрі Дүйсембай Тұрғановтың "Қазақстан Республикасындағы электр және жылу энергетикасының ахуалы және оның дамуы" тақырыбындағы және "KEGOC" АҚ президенті А. Сатқалиевтың "Қазақстан Республикасында 2008 жылдың 1-қаңтарында электр қуатының тепе-тең нарығын іске қосудың өзекті мәселелері" тақырыбындағы баяндамалары болып табылмақ.

"Power Kazakhstan" жобасы энергетиктердің көрмелері мен конференцияларынан тұратын Орталық Азиядағы елеулі оқиға болып табылады, оған жыл сайын дүниежүзілік электр құралдарын өндірушілер мен тасымалдаушылар, жетекші инженерлер, өнеркәсіптік кәсіпорындардың энергетиктері мен қуат саласының басқа да мамандары қатысады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны