15.01.2008, 10:54 1690

Премьер Қоршаған ортаны қорғау және Денсаулық сақтау министрліктеріне қазақстандықтардың денсаулығына келтірілген экологиялық залалды бағалау әдістемесін жасауды тапсырды

Премьер Қоршаған ортаны қорғау және Денсаулық сақтау министрліктеріне қазақстандықтардың денсаулығына келтірілген экологиялық залалды бағалау әдістемесін жасауды тапсырды

Астана. 15 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - ҚР үкімет басшысы Кәрім Мәсімов Қоршаған ортаны қорғау министрлігіне Денсаулық сақтау министрлігімен бірлесе отырып, азаматтардың денсаулығына келтірілген экологиялық залалды бағалау әдістемесін жасауды тапсырды. Бұл тапсырма кеше ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінде өткен алқа мәжілісінде берілді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Бұл өте маңызды. Атап айтқанда, өтемақы төлемдері мәселесін шешу үшін қажет. Ол, мысалы, апатты жағдайларда болуы мүмкін", - деп түсіндірді ол.

"2007 жылдың желтоқсан айында тұрақты даму кеңесі экологиялық ахуалдың демографиялық жағдайға әсері туралы мәселені қарастырған. Ол кезде біз экологиялық реттеу үрдісінде денсаулық тәуекелін бағалау ісімен белсенді жұмыс жүргізу керек деген тоқтамға келген болатынбыз", - деп еске салды премьер-министр статистика бойынша адам өлімінің кем дегенде 20% қоршаған орта жағдайына байланысты екенін түсіндіре келіп.

"Еуропа мен Америка елдерінде экологиялық консалтинг пен қызмет ЖІӨ-нің 7 %-ын құрайды. Қазақстанда бұл сала аяғынан енді ғана тұрып келе жатыр. Сондықтан, бұл саланы реттейтін заңнама қабылдауымыздың қажеттілігін талқылау керек", - деп есептейді Кәрім Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны