20.05.2008, 13:23 2591

Премьер мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына дәрі-дәрмектерді бірыңғай жүйемен бөлу жөніндегі жобаны қолдады

Премьер мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына дәрі-дәрмектерді бірыңғай жүйемен бөлу жөніндегі жобаны қолдады

Астана. 20 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов бүгін үкімет отырысында ҚР денсаулық сақтау министрлігі ұсынған мемлекеттік жеке серіктестік негізінде мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына дәрі-дәрмектерді бірыңғай жүйесімен бөлу жобасын қолдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Бүгін үкіметтің отырысында айтылған пікірлер мен ескертулерді ескере отырып оны қайта дайындап, жалпы бұл жобаны қолдауды ұсынамын", - деді К. Мәсімов.

"Өйткені бүгінгі кезде бұл нарықтың жұмысы дұрыс жолға қойылмаған, мемлекеттік ақшаға сатып алынған бір дәрінің бір облыс аясындағы бағаларының арасындағы айырмашылық бес есеге жетеді. Бұл ысырапшылдық, біз оған жол бермеуіміз керек", деп айтты ол дәрі -дәрмектерді бөлудің жаңа жобасын дайындау қажеттігін түсіндіргенде.

"Менің пікірімше, денсаулық сақтау министрлігі ұсынып отырған шешімді жүзеге асыруға болады, бұл жаңа жүйе бюджет есебінен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіліп отырған мемлекеттік клиникаларға арналатын болады", - деп жалғастырды мемлекет басшысы. Оның сөздері бойынша, жеке клиникалар мен жеке дәріханалар үшін сатып алу жүйесі өзгертілмейді.

Премьер-министр атап өткеніндей, "бүгінгі үкіметтің отырысынан кейін дәрі-дәрмектің бағасын бес есе артық бағамен сататын пайдакүнем компаниялар бүгінгі ұсынысқа қарсы тұрудың ақпараттық стратегиясына ақшаның бір бөлігін жұмсайтын болады", деп денсаулық сақтау министрлігін ескерте келе, оған дайын болуды айтты. "Бүгін кешке дейін Сіз және сіздің ұсыныңыз туралы теріс материалдардың жарыққа шығарылғанын көресіз, сондықтан дәрі-дәрмектерді бірыңғай жүйемен бөлудің жаңа жобасын дұрыс түсіндіру керек ", - деді К. Мәсімов, ҚР денсаулық сақтау министрі Анатолий Дерновойға арнаған сөзінде.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны