20.05.2008, 16:32 3092

Премьер мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына дәрі-дәрмектерді бірыңғай жүйемен бөлу жөніндегі жобаны қолдады (толықтырылған нұсқа)

Премьер мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына дәрі-дәрмектерді бірыңғай жүйемен бөлу жөніндегі жобаны қолдады (толықтырылған нұсқа)

Астана. 20 мамыр. "Қазақстан Бүгін" - ҚР премьер-министрі Кәрім Мәсімов бүгін үкімет отырысында ҚР денсаулық сақтау министрлігі ұсынған мемлекеттік жеке серіктестік негізінде мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына дәрі-дәрмектерді бірыңғай жүйесімен бөлу жобасын қолдады, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Бүгін үкіметтің отырысында айтылған пікірлер мен ескертулерді ескере отырып оны қайта дайындап, жалпы бұл жобаны қолдауды ұсынамын", - деді К. Мәсімов.

"Өйткені бүгінгі кезде бұл нарықтың жұмысы дұрыс жолға қойылмаған, мемлекеттік ақшаға сатып алынған бір дәрінің бір облыс аясындағы бағаларының арасындағы айырмашылық бес есеге жетеді. Бұл ысырапшылдық, біз оған жол бермеуіміз керек", деп айтты ол дәрі -дәрмектерді бөлудің жаңа жобасын дайындау қажеттігін түсіндіргенде.

"Менің пікірімше, денсаулық сақтау министрлігі ұсынып отырған шешімді жүзеге асыруға болады, бұл жаңа жүйе бюджет есебінен дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етіліп отырған мемлекеттік клиникаларға арналатын болады", - деп жалғастырды мемлекет басшысы. Оның сөздері бойынша, жеке клиникалар мен жеке дәріханалар үшін сатып алу жүйесі өзгертілмейді.

Премьер-министр атап өткеніндей, "бүгінгі үкіметтің отырысынан кейін дәрі-дәрмектің бағасын бес есе артық бағамен сататын пайдакүнем компаниялар бүгінгі ұсынысқа қарсы тұрудың ақпараттық стратегиясына ақшаның бір бөлігін жұмсайтын болады", деп денсаулық сақтау министрлігін ескерте келе, оған дайын болуды айтты. "Бүгін кешке дейін Сіз және сіздің ұсыныңыз туралы теріс материалдардың жарыққа шығарылғанын көресіз, сондықтан дәрі-дәрмектерді бірыңғай жүйемен бөлудің жаңа жобасын дұрыс түсіндіру керек ", - деді К. Мәсімов, ҚР денсаулық сақтау министрі Анатолий Дерновойға арнаған сөзінде.

Бұдан бұрын үкімет отырысында ҚР денсаулық сақтау министрлігінің басшысы ескерткеніндей, мемлекеттік жеке серіктестік негізінде мемлекеттік денсаулық сақтау ұйымдарына дәрі-дәрмектерді бірыңғай жүйесімен бөлу жобасы ел президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың тапсырмасымен жасалды.

А. Дерновойдың мәліметтері бойынша, соңғы үш жылда дәрі-дәрмектерді мемлекеттік сатып алу көлемі 30 пайызға ұлғайып, 2007 жылы 40 млрд теңгені құрады. Дәрі-дәрмектермен қамтамасыз етудің орталықтандырылмаған схемасы мемлекеттік сатып алу нарығын бөлшектеп, тиімсіз тасымалға ұрындырады. Өйткені, 20 сатушы бір ауруханаға дәрілерді бір уақытта жеткізіп, үлкен шығындар мен түрлі бағалардың қойылуына әкелді ", -деп атап өтті ол.

Денсаулық сақтау министрлігінің басшысы атап өткеніндей, бүгінгі бөлу жүйесінде "ауруларды дәрі -дәрмектермен үзіліссіз қамтамасыз ететін кепілдендіретін қажетті қор жоқ. Бұған туберкулез, диабет, онкология дерттеріне арналған дәрілері кірмейді". Осыған орай, оның сөздері бойынша, денсаулық сақтау министрлігі жаңа бөлу жүйесін құрып, оған "орталықтандырылған түрде өмірде аса қажетті дәрілерді сатып алудың (үш жылдың бюджет аясында бір рет) ұзақ мерзімді жоспарын жасау, концессионерге логистикалық (сатып алуды ұйымдастырып дайындау, сақтау, тасымалдау, ақпараттарды басқару) фукнцияларды беру жолдары қолданылады".

"Елде үлкен көлемде қолданылатын 70-80 % препараттарды сатып алу процесі орталықтандырылған түрді жасалса, ауруханалар төмен көлемде пайдаланылатын 20-30% арнайы препараттарды денсаулық сақтау министрлігінің фармация комитетінде жасалатын тиісті мониторингіне сәйкес деңгейден аспайтын бағамен сатып алатын болады", -деп түсіндірді министр.

Оның сөздері бойынша, конкурстың негізде логистикалық қызметтерді орындайтын бірыңғай оператор таңдап алыну көзделуді, сондай-ақ аумақтарда дәрі-дәрмектерді сақтайтын 16 жаңа дистрибьютерлік қоймалар салынады.

"Жаңа бөлу жүйесін енгізу арқылы Қазақстанның барлық аумақтарына дәрі-дәрмектер үзіліссіз жеткізіліп, бюджет қаржысы 25 пайызға үнемделеді. Сол арқылы тегін кепілдендірілген медициналық көмек беру аясында дәрілердің тізімі мен көлемі ұлғайтылады. Сондай-ақ, ұзақ мерзімді келісімдерді жасау арқылы жыл сайын дәрілердің құны 20-5 пайызға дейін төмендейтін болады ", -деп есептейді А. Дерновой.

Оның пікірі бойынша, "жаңа жүйе отандық фармацевтикалық өндірісінің дамуына септігін тигізіп, үш жылдық бюджет аясында және жалпы мемлекеттік деңгейде біріктірілген сатып алулар есебінен" оның нарықтағы үлесі 10-30 пайызға дейін ұлғаяды ".

Денсаулық сақтау министрлігінің деректері бойынша, бүгінгі кезде Қазақстанның фармацевтикалық нарығының көлемі $700 млн құрады. Ал премьер-министр Кәрім Мәсімовтың мәліметтері бойынша, кейбір сарапшылар оның көлемін $1 млрд бағалап отыр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны