14.01.2008, 18:05 2904

Премьер-министр Қазақстанның ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастығының экологиялық жағына қатысты ұсыныстар дайындауды тапсырды

Премьер-министр Қазақстанның ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастығының экологиялық жағына қатысты ұсыныстар дайындауды тапсырды

Астана. 14 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Премьер-министр Кәрім Мәсімов Қазақстанның ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастығының экологиялық жағына қатысты ұсыныстар дайындауды тапсырды. Бұл туралы ол бүгін ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрлігінде өткен алқа мәжілісінде мәлім етті, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

"Сізге ҚР СІМ-мен бірлесе отырып еліміздің ЕҚЫҰ-мен ынтымақтастығының экологиялық блогына қатысты ұсыныстар дайындауды тапсырамын", -деді Кәрім Мәсімов ҚР Қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Ысқақовқа қаратып айтқан сөзінде.

Премьер Қазақстанның 2010 жылы ЕҚЫҰ-ына төрағалық жасайтынын еске салды. "Экологиялық мәселелер мен қоршаған ортаны қорғау бүгінгі таңда осы ұйымның басты басымдықтарының бірі деп жарияланған", - деді Кәрім Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны