25.09.2007, 16:11 3125

Премьер-министр ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне халықтың әлеуметтік аз қорғалған тобын қолдау туралы мәселені пысықтауды тапсырды

Премьер-министр ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне халықтың әлеуметтік аз қорғалған тобын қолдау туралы мәселені пысықтауды тапсырды.

Астана. 25 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Премьер-министр Қазақстан Республикасының еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігіне тұрғын үй-коммуналдық саладағы реформаға байланысты халықтың әлеуметтік аз қорғалған тобын қолдау туралы мәселені пысықтауды тапсырды, деп хабарлайды "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісі.

"Қазір біз саналы түрде ден қойған қазіргі тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын реформалауға, электр энергетикасына байланысты бірқатар мәселелер бар, біз мемлекет жауап беретін халықтың әлеуметтік аз қорғалған санатын қолдау шараларын ойластыруымыз қажет, бұл Сапарбаевқа берілетін тапсырма",- деп мәлім етті К. Мәсімов бүгін өткен үкіметтің отырысында.

Премьер-министр "әрине, біздің адамды далаға қуып шығуға дәтіміз бармайды" деп атап өтті. "Бұл жерде барлық мүмкіндіктерді зерделеу қажет. Бірақ әлеуметтік баспанадан басқа ұсынысты әзірге көре алмай тұрмын",- деді премьер.

Үкімет басшысы содай-ақ, "егер біз тәртіп орнатпасақ, онда , сумен қамтамасыз етуге, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын реформалауға, энергетикаға ешқашан инвестиция тарта алмаймыз",- деп атап өтті.

"Инвестор да қорғалуға тиіс: егер ол қызмет көрсетсе, онда оған төлем алуға тиіс",- деп санайды К. Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны