16.11.2012, 14:01 2790

Премьер-министр мемлекеттік органдарға Қызылорда облысын газбен жабдықтау жөнінде тапсырма берді

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Қызылорда облысының Н.Ілиясов атындағы ауылына барып, онда тұрғындармен кездесті деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.

Қызылорда. 16-қараша. Kazakhstan Today - Серік Ахметов мемлекеттік органдарға Қызылорда облысын газбен жабдықтау жөнінде тапсырма берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Бүгін ҚР Премьер-Министрі Серік Ахметов Қызылорда облысының Н.Ілиясов атындағы ауылына барып, онда тұрғындармен кездесті деп хабарлайды ҚР Премьер-Министрінің баспасөз қызметі.

Үкімет басшысы ауылдық округтік үлгісіндегі тірек елді-мекендерді дамыту бағдарламасының іске асырылу барысымен танысты. Ауыл шаруашылық құрылымдарының жетекшілері ауылдағы мемлекеттік-жекеменшік әріптестік, жергілікті өзін-өзі басқару және ауыл шаруашылығы салаларының дамуы жөнінде хабардар етті. Кездесуде Премьер-Министр жас мамандарды ауылға кеңінен тарту қажеттігіне ерекше тоқталды. Сондай-ақ С.Ахметов облыста құрастырылған ауыл шаруашылығы техникаларының үлгілерін қарады.

Сапар барысында С.Ахметов облыстық медициналық орталық және балалар үйлерінің түлектері тұрып жатқан Жасөспірімдер үйін аралады.

Сонымен қатар Премьер-Министр 780 орындық облыстық медициналық орталықтың жұмысымен танысты. Аталмыш орталыққа жыл сайын 45 мың адам қаралады. Медициналық мекеме заманауи құралдармен жабдықталған, онда 1500 қызметкер еңбек етеді, оның 200-і дәрігерлер.

Жұмыс сапары әлеуметтік-экономикалық дамудың көрсеткіштері және өңірдегі Мемлекеттік бағдарламалардың іске асырылу барысы қаралған кеңесте қорытындыланды.

"Мемлекет басшысының айрықша бақылауға алып отырған жобаларының бірі - Арал теңізін сақтап қалу", - деді С.Ахметов.

Осы орайда Үкімет басшысы ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігіне облыстық әкімшілікпен бірлесе отырып, солтүстік Аралды қалпына келтіру жұмыстарының соңғы нұсқасын аяқтауды және жобаны кезең-кезеңмен іске асыру жоспарын қабылдауды тапсырды.

Сондай-ақ С.Ахметов тиісті мемлекеттік органдарға Қызылорда облысын газбен жабдықтау және Сырдария өзенінің арналарын тазалау жөнінде тапсырмалар берді.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны