24.04.2007, 15:27 3392

Премьер-министр өз үкіметінің жұмысына риза

АСТАНА. 24 - сәуір. Kazakhstan Today. Қазақстанның премьер-министрі Кәрім Мәсімов үкіметтің 100 күнде атқарған жұмысына риза, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

"Мен өзімнің әріптестерімнің, үзеңгілестерімнің, министрлердің, әкімдердің, мемлекеттік холдинг жетекшілерінің атқарған жұмыстарына өте ризамын",- деді премьер-министр бүгінгі баспасөз мәслихатында. "Біз президенттің командасымыз және де біз өз еліміз үшін бәрін жасағымыз келеді, деген рух пайда болды. Бұл ең үлкен жетістік, және де мен бұған ризамын",- деп атап көрсетті К. Мәсімов.

Ол сондай-ақ, жекелеген депутаттардың үкімет бағдарламасында "нақтылық" жоқ деген пікірімен келіспейтіндігін айтты. "Мен олай деп санамаймын, нақтылық бар. Біздің бағдарламамыз нақты және өте жауапты",- деді премьер.

Сонымен қатар, үкімет басшысы "кейбір мәселелердің оңайға соқпауы мүмкін екендігін, тіптен ауыр болатындығын" атап өтті. "Бүгінде өзіміздің қолымыздан келмейтінге бос уәде бергенше, нені және қашан істейтіндігімізді ашып айтқанымыз дұрыс",- деді ол.

"Осы 100 күн бойы барлығы бүкіл күш-жігерімен жұмыс істеді, бірақ бұл қысқа мерзім, және де нақты нәтижелер туралы кейінірек айтатын боламыз",- деп қорытындылады К. Мәсімов.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны