09.10.2007, 19:44 2936

Премьер-министр Солтүстік Қазақстан облысының жаңа әкімінің кадидатурасын ұсынды

Премьер-министр Солтүстік Қазақстан облысының жаңа әкімінің кадидатурасын ұсынды

Петропавловск. 9-қазан. "Қазақстан Бүгін" - Бүгін кешке Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов Солтүстік Қазақстан облысының облыстық мәслихатында облыс әкімінің лауазымына Серік Биляловтың кандидатурасын ұсынды, деп хабарлады "Қазақстан Бүгін" агенттігінің тілшісіне Солтүстік Қазақстан облысы әкімшілігіндегі ақпарат көзі.

Мәслихат депутаттары жаңа әкімнің кандидатурасын бір ауыздан қолдады. Жақын күндері ол облыс белсенділеріне таныстырылатын болады.

Серік Билялов 1958 жылы, Солтүстік Қазақстан облысының Булаевск ауданының Сартомар аулында дүниеге келген. Ол Целиноград ауылшаруашылық институтын, Алматы экономика және статистика институтын бітірген. "Зооинженер", "Экономист" мамандығы бар. Еңбек қызметін 1974 жылы Солтүстік Қазақстан облысының Возвышенск ауданының Молодогвардейцев атындағы совхоздың мал санитары болып бастап, "Бишкүл құсфабрикасы" ААҚ президенті болып жұмыс істеген. 2007 жылдың сәуіріне дейін Солтүстік Қазақстан облысының Қызылжар ауданының әкімі болып жұмыс істеп, сәуір айынан бүгінгі күнге дейін Солтүстік Қазақстан облысы әкімінің орынбасары лауазымын атқарған.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны