25.09.2007, 13:43 1355

Премьер-министр тұрғын үй инспекцияларын құру қажет деп санайды

Премьер-министр тұрғын үй инспекцияларын құру қажет деп санайды.

Астана. 25 қыркүйек. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан премьер-министрі Кәрім Мәсімов тұрғын үй инспекцияларын құру қажет деп санайды. Бұл туралы ол бүгін өткен үкіметтің отырысында мәлімдеді.

"Осыдан он жыл бұрын біз тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығының реформасын бастаған кезде біз тұрғын үй қорының ахуалын қадағалау және тұрғын үйлерді тексере отырып беті ашылған заң бұзушылықтарды жоюға нұсқау беру мәселелерін назардан тыс қалдырып алдық", - деді ол.

"Менің пайымдауымша, мұндай құқық әкімшіліктерге берілуге тиіс. Қазіргі реформалардың аясында облыстар, Астана және Алматы қалалық әкімшіліктеріне тұрғын үй инспекцияларын құруға тапсырма беремін", - деді Кәрім Мәсімов.

Премьер-министр Экономика және бюджетті жоспарлау министрлігіне және басқа да мемлекеттік мекемелерге "осындай инспекцияларды құрып, тиісті қаржы бөлуді" тапсырды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны