05.04.2012, 13:14 4092

Премьер-министрдің сайтында қолжетімді тұрғын үй жөнінде сауалнама жүргізілуде

Атап айтқанда, сайтқа кірушілер "Қолжетімді тұрғын үй-2020" бағдарламасына қатысасыз ба? (Тұрғын үй жинақ жүйесі бойынша) деген сұраққа жауап беруі тиіс.

Астана. 5-сәуір. Kazakhstan Today - ҚР Премьер-министрі Кәрім Мәсімовты сайтында қолжетімді тұрғын үй жөнінде сауалнама жүргізу басталды, деп хабарлайды Kazakhstan Today агенттігінің тілшісі.

Атап айтқанда, сайтқа кірушілер "Қолжетімді тұрғын үй-2020" бағдарламасына қатысасыз ба? (Тұрғын үй жинақ жүйесі бойынша) деген сұраққа жауап беруі тиіс.

Ұсынылған нұсқалардың арасында төмендегідей сауалдар бар: 1) Иә, егер мемлекет "Тұрғын үй құрылыс жинақ банкіндегі" мен салымымның сақталуына кепілдік берсе; 2) Иә, егер сатылатын баспананың бағасы нарық бағасынан арзандау болса; 3) Иә, егер тұрғын үйдің сапасы жақсы болса; 4) Жоқ, тұрғын үй несиесін алуға құлықты емеспін.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда Kazakhstan Today ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті. Kazakhstan Today Ақпараттық агенттігінің материалдарына авторлық құқық.

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны