24.10.2006, 17:30 3086

Президент билік құрылымдарына түрлі ұлт өкілдерін тарту тетіктерін ойластыруды ұсынады

АСТАНА. 24-қазан. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев билік құрылымдарына түрлі ұлт өкілдерін тарту тетіктерін ойластыру қажет деп санайды, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Біз күрделі саяси реформаларға дайындалып жатырмыз. Осындай саяси өзгерістер барысында билік құрылымдарында, әсіресе, парламенттің қос палатасында түрлі ұлттық топтардың саяси өкілдері болу тетіктерін табу қажет",- деп мәлімдеді Н.Назарбаев бүгін Қазақстан халықтары ассамблеясының кезекті 12- сессиясында.

Қазақстан халықтарының ассамблеясы бұл органдарда өзіне тиесілі квотаға ие болуға тиіс, деді президент. Елбасының пікірінше, бұл тетікті заңмен бекіту қажет.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны