20.09.2006, 18:50 2880

Президент денсаулық сақтау саласындағы ахуалды түбегейлі өзгертеуге бағытталған шаралар кешенін жүзеге асыруға тапсырма берді

АСТАНА. 20-қыркүйек. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Қауіпсіздік кеңесінің мәжілісінде үкіметке денсаулық сақтау саласындағы ахуалды түбегейлі өзгертеуге бағытталған шаралар кешенін жүзеге асыруға тапсырма берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

АСТАНА. 20-қыркүйек. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін Қауіпсіздік кеңесінің мәжілісінде үкіметке денсаулық сақтау саласындағы ахуалды түбегейлі өзгертеуге бағытталған шаралар кешенін жүзеге асыруға тапсырма берді, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Мәселен, президент үкіметке елімізде СПИД індетінің белең алуына қарсы тұруға бағытталған жаңа бағдарламаның жобасын үш айдың ішінде жасап қабылдауды міндеттеді.

Сонымен бірге Н.Назарбаев денсаулық сақтау министрлігінің алдына мынадай мақсаттар қойды: Оңтүстік Қазақстан облысы әкімшілігімен етене жақын ықпалдастық негізінде ВИЧ індетін жұқтырғандарды толыққанды емдеп шығару; зардап шеккен балалар мен олардың отбасыларын қойылған диагнозға байланысты түрлі кездесуі мүмкін алалаушылық оқиғаларынан қорғауды қамтамасыз ету, артынан оларды әлеуметтік реабилитациялау, ВИЧ індеті ошағын шоғырландыру және жоюға, сондай-ақ, оның әріқарай таралуына жол бермеуге бағытталған жан-жақты шараларлы жүзеге асыру тапсырылды.

"Денсаулық сақтау министрлігі өз қарамағындағы медициналық қызметтердің сапасын қадағалау комитеттерінің, мемлекеттік санитарлық-эпидемиологиялық қадағалау қызметінің іс-қызметіне сыни тұрғыда сараптау жүргізіп, тиісті тұжырымдар жасауға тиіс",- делінген отырыс қорытындысы бойынша таратылған мәтінде.

"Денсаулық сақтау саласындағы аумақтық құрылымдардың іс-қызметін қадағалауды күшейту мақсатында олардың жетекшілерінің кандидатурасын денсаулық сақтау министрлігімен міндетті түрде келісу тәжірибесі қолданысқа енгізіледі",-деп хабарлайды президенттің баспасөз қызметі.

Сонымен бірге мемлекет басшысының нұсқауымен жылдың аяғына дейін қан және оның құрамды бөліктерін дайындау және қанға қатысты түрлі манипуляциялар жүргізетін денсаулық сақтау ұйымдарында істейтін медициналық қызметкерлердің атқарып жүрген қызметіне лайықтығын анықтайтын кезектен тыс аттестация жүргізілмек.

Мемлекет басшысы Бас прокуратураға республиканың ішкі істер министрлігімен бірлесіп балалардың ВИЧ індетін жұқтыруына қатысты ахуалды қысқа мерзімде жан-жақты әрі обьективті тексеруді тапсырды. "Тексеру аясына ҚР денсаулық сақтау министрлігінің медициналық қызметтердің сапасын қадағалау комитеті мен оның аумықтық бөлімшелері, СПИД-тің алдын алу және онымен күрес жөніндегі республикалық орталық пен оның бөлімшелері, "Республикалық қан орталығы" РМКК мен аймақтық қан орталықтары қамтылады. Олардың қан және оның құрамды бөліктерін дайындау және сақтау, донорларды таңдау және медициналық жабдықтарды пайдалану жөніндегі заңнама талаптарын орындау жағдайы тексеріледі".

"Бас прокуратура сонымен бірге аталған денсаулық сақтау мекемелерін 2005-2006-жылдарда қаржыландырған жергілікті атқарушы билік органдарын да назарға алады",- делінген құжатта.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, бүгін Қауіпсіздік кеңесінің отырысында президент Оңтүстік Қазақстан облысының әкімі Болат Жылқышиев пен денсаулық сақтау министрі Ерболат Досаевты қызметінен босатты.

Сондай-ақ, үкіметтің қаулысымен ҚР денсаулық сақтау министрлігінің медициналық қызметтердің сапасын қадағалау комитетінің төрағасы Уәлихан Ахметов қызметінен босатылды.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны