12.03.2009, 16:47 2821

Президент "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды Конституцияға сәйкес емес деп таныған Конституциялық Кеңестің шешімімен келісті (толықтырылған)

Президент "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды Конституцияға сәйкес емес деп таныған Конституциялық Кеңестің шешімімен келісті (толықтырылған)

Астана. 12 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - Президент "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заңды Конституцияға сәйкес емес деп таныған Конституциялық Кеңестің шешімімен келісті, деп хабарлайды агенттік тілшісі Конституциялық Кеңестің хабарламасына сілтеме жасап.

Баспасөз қызметінің ақпаратына сәйкес, "Қазақстан Республикасы президентінің әкімшілігінен хабарлауынша, мемлекет басшысы Конституциялық Кеңестің шешімімен келісті және Республика Конституциясының 73-бабы 4-тармағында көзделген тәртіппен оған қарсылық енгізбейді".

Конституциялық Кеңестің осы нормативтік қаулысы республикалық ресми басылымдарда жарияланды.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, "Қазақстанның халықаралық адам құқықтары жөніндегі бюросының" жетекшісі Евгений Жовтистің мәлімдегеніндей, "бұл заң жобасының кем дегенде 6 бабы Ата заңға қайшы келеді. ҚР Конституциялық Кеңесінің діни заңнамаға енгізілетін түзетулерді Конституцияға сәйкес келмейді деп тануға толық негізі бар",- деді ол.

Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі 2008 жылғы қарашаның 26-сында Қазақстан Республикасының парламенті қабылдаған, 2008 жылғы 2-желтоқсанда мемлекет басшысына қол қоюға ұсынылған "Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне діни сенім бостандығы және діни бірлестіктердің мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы заңын президенттің тапсырмасы бойынша Ата заңға сәйкестігін қарап, оны Қазақстан Республикасы Конституциясына сәйкес келмейді деп таныған болатын.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне гиперсілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны