24.10.2006, 17:50 3284

Президент Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің санатына қосылуына қажетті кезек күттірмес міндеттерді атады

АСТАНА. 24-қазан. Kazakhstan Today. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің санатына қосылуына қажетті кезек күттірмес міндеттерді атады, деп хабарлайды Kazakhstan Today тілшісі.

"Алдағы онжылдықта Қазақстан әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің санатына қосылуға тиіс. Бұл мақсатқа жету үшін біз өзара сабақтас біртұстас міндеттер кешенін шешуге тиіспіз",- деді Н.Назарбаев. Мемлекет басшысының айтуынша, бірінші кезекте, "қазіргі заманғы қауіп-қатерлерге лайықты ұлттық қауіпсіздік стратегиясын жүзеге асыруды қамтамасыз ету қажет, ол - мемлекетіміздің тұрақты әрі тиянақты дамуына қажетті алғышарттардың бірі".

Сонымен бірге президенттің айтуынша, экономика мен әлеуметтік саланы жан-жақты модернизациялау стратегиясын іске асыру, тіршілік сапасын түбегейлі көтеуге қол жеткізу қажет. "Үшіншіден, Қазақстанның мемлекеттік құрылымы мен саяси жүйесін модернизациялау жұмыстарын жалғастыру қажет",- деді Н.Назарбаев.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны