12.02.2007, 18:15 2536

Президент Ибіқаевты Қазақстанның Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісіне тағайындау туралы жарлыққа қол қойды

АСТАНА. 12-ақпан. Kazakhstan Today. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Нұртай Ибіқаевты Қазақстан Республикасының Ресей Федерациясындағы төтенше және өкілетті елшісі етіп тағайындау туралы жарлыққа қол қойды, деп хабарлайды Kazakhstan Today президенттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, Н.Ибіқаев 4 жыл Қазақстан парламентінің жоғарғы палатасы - сенатты төрт жыл басқарды. 2007-жылдың қаңтар айында сенаттың жалпы отырысында сөз сөйлеген мемлекет басшысы Н.Ибіқаевтың "дипломатиялық қызметке кетуге ниет білдіргенін" хабарлады. Президент оның өтінішін қанағаттандырып, Ресейдегі төтенше және өкілетті елші етіп тағайындады.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті

МӘТІННЕН ҚАТЕ ТАПТЫҢЫЗ БА?

Оны тінтуірмен таңдап, Ctrl + Enter пернелерін басыңыз.

тақырып бойынша жаңалықтар

Ең көп оқылғаны